Басты бет     Жалпы мәліметтер     Қаріп қоры      Басылымдар     Өзім туралы  
Қазақша  Русский  

Қадірлі Қонақ, «Басылымдар» тарауда Сіз жиналыс, конференция, жорнал, газет, кино, қағаз, электронды басылымдарда, көше, концерт, дүкен жарнамаларда жарияланған менің еңбектерім немесе өзге авторлардың туындылар да кездесетін үлгілермен таныса аласыз. Осы уақытқа дейін мен біраз еңбектерімді көптеген мекеме-фирмаларға келісім-шартқа тұрып лицензиялық пайдалануға бердім, ақылы және тегін түрде. Көптеген фирмалар және жеке тұлғалар менің келісімді қажет етпей заңсыз пайда тауып жүр. Кейбіреулер тіпті қаріптердің затын өзгерте алмай тек атын өз аттарына ауыстырып көпшілікке саудалап жүр. Олармен соттасуға менің уақытым да, күшім де жоқ. Бірақ, аттарын «Қара тақтаға» жария етуге ойым бар.

Бұл тарау бірнеше тақырыпқа бөлініп реттелген. Мақалалардың жарияланған түпнұсқасы PDF формат файлмен жүктеп басып алуға болады, немесе берілген HTML нұсқасымен қанағаттана аласыз. Мақалалар жарияланған тілінде беріледі, кейбірі тәржімеленеді.

Барлық материалдарды жинап-жариялап мүмкін емес, сондықтан айыпқа сөкпеңіз, барын жасырмай ұсынамын.

Егер өздеріңізде ұтымды, қызық деп жүрген мақалаларыңыз, басқа шығармаларыңыздың үлгілері болса, электронды пошта арқылы асыға күтемін және алдын ала алғысымды білдіремін.

Меню раздела

• Тақырыптың басы

• Менің мақалаларым
  Басты бет     Жалпы мәліметтер     Қаріп қоры     Басылымдар     Өзім туралы  
© 2005-2009 Асылбек МЕРЕКЕдизайн и программирование: МЕРЕКЕ Асхат - "IT-Express.kz"