Басты бет     Жалпы мәліметтер     Қаріп қоры     Басылымдар     Өзім туралы  
Қазақша  Русский  

Ассалам ағалейкүм құрметті Қонақ!

Осы сайтқа назар аударып, қадірлі қонақ болуыңызға өте қуаныштымын және алғысымды білдіремін!

Бұл сайтта Сіз Интернетте, жалпы ақпараттық технологияларда қазақ тілі қолдануына және дамуына көмек беретін «қазақ» қаріп (шрифт, font) жөнінде мәлімет таба аласыз. Қаріп жасаумен біраз жылдар шұғылданып, зерттеп, біразын жариялап, таратып жүрдім. Енді жеке сайт ашып жасаған туыңдыларымды реттеп, жөнге келтіріп көпшілікке таныстыруға, сынауға және ұсынуды жөн көрдім.

Сайт қазақша екі жазу үлгісімен ұсынылды: кирилше және латын әрібімен. Сайт қазақ тілінің латын әліпбиін өзім шығарған нұсқасымен берілді. Әліпбиімен осы жерден танысуға болады. Орыс тілді қонақтар сайтпен орыс нұсқасымен таныса алады.

Сайтты өмірде болған ІТ-оқиғалармен, жаңа қаріптермен, жалпы көтерген мәселелермен уақытысында жаңартуға тырысамын. Сайт өзімнің ресми сайт болғанымен, әрине өзімнің жұмысыма, шығармашылығыма қатысты материалдармен толықтырылады, сонымен қатар өзім туралы және өзімнің ортама арналған қысқа мәліметтер таба аласыз.

Сын-пікірлеріңіз, тілек-ұсыныстарыңыз немесе сұрақтарыңыз болса осы электронды пошта арқылы байланасуға болады.

Ізгі ниетпен Асылбек Мереке

  Басты бет     Жалпы мәліметтер     Қаріп қоры     Басылымдар     Өзім туралы  
© 2005-2009 Асылбек МЕРЕКЕдизайн и программирование: МЕРЕКЕ Асхат - "IT-Express.kz"